ДІНИ ЭКСТРЕМИСТІК САНА

 

Діни экстремистік бағыттағы қылмыс жасаушы адамдардың көпшілігінің кәдуілгі діни санасы қалыптасқан деуге болады. Яғни діни сананың қалыптасуына діни білімнің маңызы зор. Ал діни экстремистік бағыттағы қылмыс жасаушылардың көпшілігінің діни білімі төмен болып келеді. Алайда діни білімі жоғары адамдар діни экстремистік бағыттағы қылмыс жасамайды деуден аулақпыз. Діни сауаты шамалы болса да, ұйымдастырғыш, әрі адамдарды соңынан ерте алатын адамдар болады.

Діни экстремистік бағытта қылмыс жасаушы тұлға болып қалыптасуына діни экстремистік ұйымның басшыларының немесе идеологтарының идеологиялық үгіт-насихаты, әрі осы идеяларды өзіндік санасымен қабылдауы әсер етеді. Осының нәтижесінде оның санасында «менің жасайтын іс-әрекетім» діни қағидалармен негізделген делінген түсінік қалыптасады. Қалған адамдардың сенімі, дүниетанымы еш қызықтырмайды.

Сонымен қатар осындай тұлғаның санасында «менің іс-әрекетімде ешқандай күнә болмайды, мен дұрыс жасап жатырмын, өйткені Құдайдың қалауын, әрі бұйрығын орындап жатырмын, сондықтан бұл ешқандай қылмыс болмайды» делінген ұғым қалыптасады.

Мәселен «Хизбут-тахрир» діни экстремистік ұйымының құрамындағы діни экстремистік бағытта қылмыс жасаушы тұлғаның діни санасына әсер ететін негізсіз идеологиялық «қағидалар» бар. Ислам дінінің негізіне және қолданыстағы заңдарға қайшы келетін діни экстремистік идеологиялық қағидалары мыналар болып табылады:

  • Халифат құру-«Кімде-кім өмірінде халифат құруға атсалыспаса, надан, мүшрик (Аллаһ Тағалаға серік қосушы) болып өледі» деп үрейлендіреді;
  • Шариғаттық емес мемлекетте үгіт-насихат (жақсылыққа шақыру және жамандықтан тыю) парыз емес деп есептейді. Тек Халифаттық мемлекет құрылғаннан кейін парыз болады дейді. Бұл Құран аяттарына қарама қайшы, яғни пікір айтып күпірлік жасау;
  • «Пайғамбарлар пайғамбар болғанша күнәға батып, шатасқан» деп негізсіз айтуы, яғни бұл жерде «пайғамбарларда күнә жасаған» деп өздерінің күнәсін, қылмысын бүркемелеуге, әрі ақталу үшін негіз етіп алуы бұлардың негізгі сылтауларының бірі болып табылады. Бұл жерде де Құран мен Пайғамбар хадистерін мойындамайтындықтары көрініп тұр. Дінді тек бүркемелеу үшін қолданады.

  

Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша  «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген.

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.