ТЕМІРТАУ ТҰРҒЫНЫ ӨГЕЙ ӘКЕСІН ПЫШАҚТАП ӨЛТІРДІ

QAZYGURT.KZ: Теміртау тұрғыны мүгедек сіңлісін зорлаған өгей әкесін өлтіріп тастады. Ол өгей әкесінің мойны мен кеудесін пышақ сұғып алған. Аленаның үйіне қонаққа келген анасы өзінің жағдайын айтады. Әйел күйеуінің мүгедек қызына зорлық көрсетпек болғанын байқаған. Ал мұны естіген Алена қонаққа келген өгей әкесінің кеуде тұсы мен мойнына пышақ сұғып алады. Ер адам оқиға орнында жан тапсырған.Сіңлісін қорғамақ болған бойжеткен полиция қызметкерлері келгенше ешқайда кетпеген. Құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық та танытпаған.

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Қайрат Қасымов Теміртау тұрғынын кінәлі деп таныды. Ол қылмысы үшін 9 жылға бас бостандығынан айрылды.

 

АҚПАРАТ көзі: nur.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.