ТЕҢ ҚОҒАМ – ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР

Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау және оларға көрсетілетін қызмет түрлерін қолжетімді ету мақсатында «Ten qogam» әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс істейтінін баршаңыз білесіздер. Міне, осы орталықтың жұмысын, қызмет көрсету бағыттарын «AMANAT» партиясының төрағасы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлының хаттамалық тапсырмасына сәйкес зерделеу жұмыстары жүргізілді.
«AMANAT» партиясының фракция жетекшісі Имашев Қайрат, қалалық мәслихат депутаты Дубинина Алина, «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының саяси жұмыстар бөлім меңгерушісі Байқонысов Ербол, Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөнніндегі кеңес төрайымы Созақбаева Эльмира, «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Торопов Владимир «Ten qogam» әлеуметтік қолдау орталығына арнайы барып, жұмыс барысын пысықтады.
Аталмыш орталық «Бір терезе» қағидасымен 5 бағытта қызмет түрлерін ұсынады. Орталық ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға атсалысады. Бұдан бөлек, әлеуметтік қызмет порталдарын ешкімнің көмегінсіз қолдануды да үйретеді. Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар адамдар мұнда бос уақытын пайдалы өткізуіне бар жағдай жасалған. Орталық басшысына бірқатар қызмет бойынша ескертулер жасалды. Оның ішінде инвотакси қызметінің жұмысына азаматтардан сын-ескертпелер азаймай отырғанын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.