Терроризмге қарсымыз
Сарапшылардың айтуынша терроризм — өлтірулерде, диверсияларда, саботаждарда, ұрлауларда және басқа да іс- әрекеттерде адамдардың қауіпсіздігі мен өміріне қауіп келтіретін, идеологиялық мотивацияланған зорлықты жүйелі қолдануды сипаттайтын саяси күрестің тактикасы.
Алайда терроризмді тек саяси күрестің тактикасы ғана деп есептеу жеткіліксіз. Бұл тұрғыда «Саяси күрестің тактикасы» делінген сөздің орнына одан да кең ұғымдағы «өзіндік мүдделі күрестің тактикасы» деп айту әбден қисынды болар еді.
Терроризм – қоғам немесе халықаралық қауымдастықтың өмірінде халықаралық құқықтық категориялық құбылыс ретінде, радикализм мен экстремизм құбылыстарының салдарынан, бір террористік ұйымның немесе бірнеше террористік ұйымдардың террористік идеологиялық мотивацияланған базасында немесе тікелей немесе жанама түрде мемлекеттердің қолдауымен немесе халықаралық қылмыстық ұйымдардың ынтымақтастығы арқылы құрылған, ең шеткі террористік көзқарастар мен іс-әрекеттердің жақтаушылары болып табылатын, халықаралық шарттар мен ұлттық заңнамалардың талаптарына немесе басқа да негіздердің қағидаларына қасақана немесе қайшы мотивациялық ниет пен мақсатты ұстанатын, өзіндік мүдделі күресті жүргізетін, өзіндік тактикалық және стратегиялық мақсаттарына жетуі үшін, әртүрлі әдістермен және қылмыстық тәсілдер мен құралдар арқылы белгілі бір мемлекеттің азаматтарына немесе шетел азаматтарының өміріне, заңды құқықтары мен бостандықтарына, тарихи қалыптасқан қоғамдар мен ұлттардың құндылықтарына, ұлттық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға, қылмыстық зардап келтіруге, қорқытып үрейлендіруге және тиісті жағдайды жасауға немесе мәжбүрлеуге бағытталған, халықаралық, аймақтық және ұлттық немесе арнайы құрылған соттардың үкімімен террористік ұйымдар деп танылған, мемлекеттердің не террористік ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың халықаралық қауымдастыққа, мемлекеттерге және қоғамдарға аса қауіпті іс-әрекеттері.