Той мәдениеті қашан қалыптасады?
Қазіргі қазақ тойларына барғанда жайсыз жайттарды көріп, бетімізді басып қайтатын болдық. Жұртты күлдіремін деп бейәдеп әңгімелер айтып, орынсыз ойындарды ойнататын «асабасымақтар» оғаш қылықтарын өздері де байқамай бара жатқандай. Соңғы уақытта әләуметтік желілердегі қазақ тойларындағы жосықсыздық пен анайылыққа жаға ұстайтын болдық. Қазақ қашан жабайы аңның кейіпіне түсіп үлгерген? Масқара! Шайтанның суына тойып алған, қазақ қыздары көруге көз ұялатын қылықтарды көрсетіп масқара болуда. Онысына ұялып жатқан жоқ.
«Әй дейтін әже, қой дейтін қожа» болмаған соң, бұзылған нәзік жандылар білгенін істеп әлек. Сол жерде әлгі қыздарға тоқтау салатын бір де бір ел ағасы, яки ақжаулықты аналарымыз болмағаны ма? Қайта қызығына батып, тамашалап, ысқырып, шыңғырып өліп барады. Тіпті реті келсе шешініп билеуге дайындалған еркексымақтар ер-азаматтар деп атау, сірә, әбестік болар. Асабалардың ойынының сиқы мынау: ойыншық аттың үстіне отырып, қалыңдық пен күйеу жігітке бірінші жеткен адам жеңімпаз. Бұл не тағы? Сырт көзге қандай ерсі көрінетіне қарамастан барлығы ойынға қатысуға ұмтылды. Қыздардың киген қысқа көйлектері одан ары түріліп, ұятты жағдайға қалып жатса да онымен жұмысы жоқ. Әйтеуір бірінші жетсем деген ой ғана. Қазақ тойдың берекесі мен киесін мүлде естен шығарғаны ма? Дәл осындай қазір қазақтың «тойы» мазаққа айладырып, «шайтанның» ордасына айналдырып бара жатқанымыз сіздерді шошындырмай ма? Азғындық билеген заман да қазақ секілді солқылдақ, ерме халықты рухани азғындаудан аман алып қалудың жолы қайсы, ағайын!
Ұлжалғас Өскен
Көрнекі фото интернет желісінен алынды.