Төлебидегі дебатта кімдер жеңді?
11 қарашада Түркістан облысы, Төлеби ауданында партия филиалының 34-конференциясы өтті. Конференция жұмысына бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 43 делегаттың бәрі қатысып, дауыс берді.
Күн тәртібіне сай конференцияда төрт мәселе қаралды. Олар: «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын бекіту; Облыстық партиялық тізімге кандидаттарды бекіту және ұсыну; Төлеби аудандық сайлау комиссиясына «Nur Otan» партиясынан ұсынылатын партиялық тізімді талқылау және бекіту; «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХХ конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер талқыланды.
Конференцияда дебатқа қатысқан облыстық маслихатқа үміткерлерге дауыс берілді. Қатысушылар өздерінің жоспарларымен бөлісіп, шешендік өнерлерін паш етті. Нәтижесінде А. Әміралиев 42 дауыс, Ә.Қайыпбеков 42 дауыс, М.Төлтебаев 41 дауыс, Б.Тойлыбаев 41 дауыс жинады.
Бүгінгі таңда Төлеби аудандық мәслихатында 17 мандат бар. Депутаттардың 15-і – ерлер қауымынан. Сайлаудан кейін бұл құрам кемінде 60-70 пайызға өзгереді. Әйелдер мен жастар саны артады.