Төреғали мен келіншегі Толқынның тойы Алматы төрінде дүркіреп өтті (фото, видео)
Әнші Төреғали мен келіншегі Толқын Алматы төрінде дүркіретіп үйлену тойларын жасады. Тойға қазақ өнерінің жақсылары мен жайсаңдары түгел жиналды, деп хабарлайды Stan.kz сайты.
Үш жыл бұрын үйленген әншіге той жасаудың сәті енді түскен. Сыйлықтарымен бөліскен Төреғалидың тойы таңертеңнен-ақ басталып кеткен болатын. Әншінің өзі инстаграмм желісіне фото жүктеп, «Нағашыларым бәйге ат мінгізіп, таң атпай бір қызық басталды!!!» деп ағынан жарылды. Сонымен, кешігу қанында бар әншінің тойы қалай өткенін бірге тамашалайық.