Төреғалидің әйелі тойында бір млн теңгелік көйлек киіп шықты

Төреғалидің әйелі тойына құны бір млн теңгенің көйлегін киіп шықты. Әнші Төреғали Төреәлінің продюсері Толқынның той көйлегінің құны бір млн теңге тұратынын және оны арнайы Италиядан алдырғанын айтып, ағынан жарылды, деп хабарлайды Nur kz порталы.

Айта кетейік, дүйім жұрттан отбасылы екенін жасырып келген әнші сұлу жарын бүгін халыққа алғаш рет ресми түрде таныстырды.

Алатаудың баурайында қатарынан бес күн концерт берген әнші Алматы төрінде үйлену тойын дүркіретіп өткізіп жатыр.

Айта кетерлігі, Толқын ҚазҰУ-дің халықаралық қатынастар факультетін бітірген.

Үш жыл бұрын шаңырақ көтерсе де, тойын енді жасап жатқан Төреғали Төреәлінің қуанышымен бөлісу үшін еліміздің танымал тұлғалары Алматы төріндегі қымбат мейрамханаға ағылып келіп жатыр.

Олардың арасында өнер, спорт жұлдыздары мен қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері бар.

Фото Nur.kz сайтынан алынды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.