Цифрлық құжаттармен Egovmobile қосымшасы арқылы бөлісу енді өте оңай
20.12.2019ж.«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ eGov Mobile қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде орналасқан «Құжатпен бөлісу» жаңа функционалының іске қосылғаны туралы хабарлайды.
Әзірленген функционал өз құжаттарының электрондық нұсқасын үшінші тұлғаға мессенджер арқылы немесе электрондық поштаны пайдалана отырып жіберуге мүмкіндік береді.
Оны пайдалану үшін жеке тұлға ЭЦҚ немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, eGov Mobile-да авторлану және «Цифрлық құжаттар» бөлімінде қажетті құжатты таңдау, одан әрі «Бөлісу» тиісті батырмасын басу, қолайлы тәсілді таңдау және құжатты жіберу қажет.