ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Түркістан облысы Түлкібас ауданында жаңа көпір пайдалануға берілді.
Абай ауылының батыс қақпасынан салынған өткелдің ені 12 метр, ұзындығы 24 метр. Ел арасында «Тақта көпір» деп аталып кеткен көпірдің тарихы Кеңес үкіметі кезеңінен бастау алады.
«Жаңадан пайдалануға беріліп отырған көпірден тек жақсы жаңалыққа жол ашылсын. Заманауи үлгіде қайта жөнделген көпірді ауыл тұрғындары игілігіне пайдалансын. Тұрғындар атынан облыстық автомобиль жолдары басқармасы мен мердігер мекемеге қысқа мерзімде көпір құрылысын аяқтағаны үшін алғыс айтамын», – деді аудан әкімі Нұрлан Байғұт.
Аудан басшысы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында бұдан да басқа нысандар қайта жаңартылып ел игілігіне тапсырылатынын жеткізді.