Тұрар Саттарқызы, тарихшы, этнолог: Ұлт болашағына алаңдасақ, Ұлттық идеология керек!

Азғындық бүгін ғана пайда болған жоқ. Біздің қоғам баяғыдан-ақ ауыр рухани ауруға ұшыраған.

Егер кеселдің алдын алу үшін ешнәрсе жасамасақ, ұлт болып ұйысуды ойламасақ, ұлт құндылығын менсінбесек, ұлттық тәрбиені өзектен тепсек, нағыз қазақ болудан қорықсақ?! Біздің баяғыдан рухани дағдарысқа ұшырағанымызды, бабалар аманатын сақтай алмай, ұлт құндылығынан жоғалтқанымызды мойындауымыз керек. Жемқорлық, жағымпаздық жайлаған, ұлттық рухтан жұрдай болған қоғамның жарасы әбден іріңдеп, қазір әбден иістеніп “сасып” жатыр.

Телеарналар талай жыл жастардың санасын ұятсыз токшоулармен улап, сайқымазақ шоумендерді, фонограмма жұлдыздарын дәріптеп, тәрбиелік мәні жоқ, бағдарламаларымен рейтинг, жұлдыз қуып кетсе, бұл кесел асқынбай қайтсін?!

Небір гендер пати, хэллуин, цветной вечеринка сияқты шеттің қаңсығын, сасығын, басқа ұлт емес, өз қазағым таңсық көріп, улап-шулап тойлап жатса, бұл ауру тарамай қайтсін?!

ЛГБТ жымысқы жұмысын балабақшадан, мектептен бастап дәріптеп, солардың жалауы түстес ойыншықтарды — хаги-ваги және басқаларын насихаттап, мектептерде ұлды қыз, қызды ұл етіп киіндіретін, “день наоборот”, “ночь на день” деген мерекелік шаралар жүргізіп, ұлдар қыздың көйлегін киіп, боянса, қыздар ұлдың кейпіне түссе, осындай ЛГБТ айла-амалдарының мән-мағынасын түсінбеген кейбір мұғалімдер “еш нәрсе етпейді, бұл жәй ойын ғой” деп тұрса, бұл кесел әрине “іріңдейді”.

Ең масқарасы, елімізде адамның миына кірмейтін нәрселер жасалды, ол әлі де жалғасуда. Бұдан асқан қандай сорақылық бар?! Ашына айтсам, ұрпағымыздың тамырына өз қолымызбен балта шауып келдік, әлі де жалғастырып жатырмыз.  Кешегі лифтідегі оқиға бұл қоғамның іріңді дертінің бір көрінісі ғана. Өкініштісі, мұндайлар қазақ қоғамында жетерлік.

Небір көргенсіз, арсыз әрекеттер, сорақылық жағдайлар жетіп артылады. Ұлт болашағына алаңдасақ, Ұлттық идеология керек!

«Фейсбук»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.