ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Бүгін “AMANAT” партиясы Орталық аппараты ұйымдастыру аумақтық департаментінің инспекторы Болатбек Әйткей, қалалық филиал Атқарушы хатшысының орынбасары Ерлан Айтбаев және Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік, қоғамдық мәселелерін ортаға салып, оң шешімін табуға көмектесуді сұрады. Сонымен қатар, қабылдауда жол кедергілері, кәріз жүйесі, тұрғын үй кезегі сынды күрмеулі мәселелер айтылды.

Болатбек Әйткей келушілерге инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық тақырыптар бойынша сұрақтарына түсіндірме беріп, өтініш иелерінің сауалдарына байланысты аудандағы тиісті сала мамандарымен мәселелерді шешу жолдарын талқылап, заң аясында кеңес берді. Барлық азаматтардың өтініші қараусыз қалмайтынын айтып, түбегейлі шешімін тапқанша өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.