ТҮРКІСТАН: 42500 ТЕҢГЕ КІМДЕРГЕ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ?

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде табыстың жоғалуына байланысты жәрдемақы алу үшін 1400-ге жуық азаматтан өтініш түскен. Оның 88-і жұмыс беруші 538-і жұмысшылар. Жалпы түскен өтініштердің 484-і Мемлекеттік корпорацияға жіберілді, ал 794 өтініш кері қайтарылған.
Бұдан басқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан белсенді режимде 6321 адамға жәрдемақы тағайындалды. Қазіргі уақытта облыс бойынша барлығы 6530 өтініш берушіге әлеуметтік төлем тағайындалып отыр.
Әлеуметтік төлем алу үшін азаматтар өз өтініштерін Электрондық үкімет порталы, TelegramBotKz2.0 қосымшасы, «Enbek.kz сайты арқылы «және» ERG» электрондық жүйелерінің көмегімен бере алады.
Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем белгілі санаттағы азаматтарға беріледі. Атап айтқанда, олардың қатарына жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген шағын және орта кәсіпкерлік нысандардың жұмыскерлері, карантин енгізілген елді мекендердегі ірі кәсіпорынның жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлері, жалдамалы еңбекті қолданбайтын дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, келісім-шартпен негізінде қызмет көрсететін, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалар, мемлекеттік ұйымдардан басқа, коммерциялық емес ұйымдарға жататын жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлер жатады.
Заң талаптарына сәйкес БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ азаматтарға, өтініш берген күніне дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдарға БЖТ төлеушілерге, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ АҚС бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға әлеуметтік төлем тағайындалмайды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.