ТҮРКІСТАН: «АДАЛДЫҚ САҒАТЫНДА» ПАРАСАТТЫЛЫҚ ЕЛШІЛЕРІ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен өңіріміздің барлық білім беру ұйымдарында бірыңғай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» өтті.

«Адалдық сағатының» негізгі мақсаты — өскелең жас ұрпақтың өн бойына парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Бұл игі бастамада «Transparency Kazakhstan» ұйымы Түркістан қаласында ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебінде» дәріс алып, арнайы сертификат алған «Парасаттылық елшілері» лекторлық етіп, белсенділік танытты.

Одан бөлек, бірыңғай сағатта облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық қорғау органдары ардагерлерлері кеңесінің өкілдері Түркістан қаласы мен Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарындағы білім алушыларға дәріс оқыды.

«Айта кетейік, бұл игі бастама дәстүрлі түрде жыл сайын «1 қыркүйек — Білім күнінде» басталып, оқу жылының соңына дейін әр тоқсанның басында жүйелі түрде қоғам белсенділерін қатыстыра отырып өткізілетін болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.