ТҮРКІСТАН: АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБЫ ЕЛ АЗАМАТТАРЫН ӘДІЛДІККЕ ҮНДЕЙДІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының жетекшісі Ерұлан Тұңғышбаев адалдық және парасаттылық құндылықтарын дәріптеу шарасын өткізді.

Түсіндіру шаралары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің сондай-ақ, Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекцияларының қызметкерлері арасында өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңға енгізілген жаңа нормаларды және сыбайлас жемқорлықты барынша азайтудың стратегиялық маңыздылығын түсіндіру.

Семинарда Ерұлан Икрамұлы жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер және қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, бергендерге жаза бар екенін жан-жақты түсіндіріп өтті.

Қызметшілердің сыйлық және сыйақы қабылдау мәселесіне ерекше тоқталып, сыйлықтар берілген күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде ерікті түрде арнайы қорға тапсырылуы, ал алынған қаражат екi аптадан аспайтын мерзiмде республикалық бюджетке аударылуы қажет.

Осы ретте, аталған мерзімдердің бұзылуы қылмыстық не әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін негіз болатыны және атқаратын мемлекеттік лауазымдарынан босатылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар мен Департамент тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып, әлеуметтік дертпен күрес жүргізуді әрбір қызметкер өзінен бастау керектігін айтып, қызметшілерді адал және парасатты болуға шақырды.

Жемқорлық көріністеріне жол бермеуді мақсат еткен жиында ақпараттық дәріс оқылып, әлеуметтік дертке қарсы теріс көзқарас қалыптастыратын бейнеролик көрсетілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.