ТҮРКІСТАН: АГЕНТТІКТІҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ӨҢІРЛІК ҚОЙМАНЫҢ БҮГІНГІ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық аясында Қазақстандағы Бірыңғай дистрибьютор республикалық және жергілікті деңгейлерде дәрі-дәрмек сатып алу және тұрақтандыру қорларын қалыптастыру жұмыстарын жалғастыруда.

Осы орайда, Түркістан өңіріне арнайы ат басын тіреген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы «СК–Фармация» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы өңірлік қоймасына арнайы барып, пандемияның екінші толқынына дайындық барысымен танысты.

Бақылау барысында қауіпті індетке қарсы қажетті дәрілік препараттар, атап айтсақ «Парацетамол», «Риварокс», «Новиган-нео», «Прадакса», «Эликвис» дәрілері қорда жеткілікті деңгейде екендігі және өңірлік дәрілік қоймаға апта сайын Шымкент қаласындағы бірыңғай дистрибьютор Хабынан дәрілік заттар мен антибиотиктер, сондай-ақ ковидке қарсы дәрі-дәрмектермен апта сайын толығып отыратыны белгілі болды.

Өңірлік қойманың бүгінгі жәй-күйімен танысқан Агенттіктің Департамент басшысы Ғанижан Асанұлы дәрі-дәрмектердің толықтығын жіті бақылап, алдағы уақытта сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің емдеу орындарына жеткізілу барысында ешбір кедергілердің болмау қажеттігін жеткізді.

Айта кетсек, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментімен СК–Фармация» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы өңірлік қоймасына және дәрі-дәрмектердің баға тұрақтылығы мен дәрілік заттардың мемлекеттік емдеу орындарына толық тасымалдануына тұрақты негізде мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.