ТҮРКІСТАН: ӘРБІР АТА — АНА, ӘРБІР ҰСТАЗ БАЛАЛАР ҮШІН ЛАЙЫҚТЫ ҮЛГІ БОЛУЫ ТИІС

Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық Штаб мүшелерінің кезекті кездесуі №8 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінде өтті.

Бүгінгі білім саласының қызметкерлерімен кездесуге облыстық ақпараттық-ағарту штабының мүшелері Айдос Абпазов, Бекарыс Шойбеков және Ерұлан Тұңғышбаев қатысты.

Түркістанды жемқорлықтан ада өңір ету мақсатында ұйымдастырылған жиында топ мүшесі А.Абпазов мемлекеттің өркендеуі сыбайлас жемқорлықсыз даму бағытында барлық тиісті шараларды қабылдауда. Бұл мақсатқа жету үшін ұлағатты ұстаздар қауымының да белсенділігі қажет екенін атап өтті.

Ал, Бекарыс Ақсақалұлы өз сөзінде «Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру бағытында тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізу, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бір бөлігі болып саналады. Оған Сіздердің қосатын үлестеріңіз орасан зор» — деді.

Ерұлан Икрамұлы «Баланы Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көрегенділік пен адалдыққа тәрбиелеуіміз керек. Осынау құндылықтарды қалыптастыруда негізгі орын отбасына және білім беру саласына тиесілі. Әрбір ата — ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі қажет» — деп ұстаздарға сенім білдірді.

Жиын соңында қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алып ұсталған шенеуніктермен, мектептерге жұмысқа орналасу үшін пара алып ұсталған мектеп директорларына қатысты видео түсірілімдер де көрсетілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.