ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ КООПЕРАТИВ ЖЫЛЫНА 7 МЫҢНАН АСТАМ АЯҚ КИІМ ДАЙЫНДАЙДЫ
Арыс қаласында орналасқан «Арай» өндірістік кооперативінің аяқ киім тігу цехы 1996 жылдан бері жұмыс істейді. 2019 жылы толық қайта жаңғыртылған. Онда таза табиғи былғарыдан ерлер және балалар аяқ-киімдері тігіледі. Шикізатты Түркия елінен алып отыр.
Өндіріс меңгерушісі Баян Тобылованың айтуынша, күніне 20-30 жұп аяқ-киім дайындалады. Құны өнім түріне қарай 13000-19000 теңге аралығында. Цехта 10 адам жұмыс істейді. Тұтынушылар негізінен Арыс қаласының тұрғындары. Отандық өнімнің сапасы жоғары, сондықтан сұраныс көп.
Өндіріс орны 2018 жылы «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4,8 млн.теңге, ал 2019 жылы «Қамқор» бағдарламасының аясында жылдық мөшері 1 пайызбен 5 млн теңге несие алған және «Менің атамекенім» жобасы арқылы ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарына қаржы берілген.
Кооператив иесінің айтуынша, алдағы уақытта өнім түрі мен көлемін көбейтіп, оларды Қазақстанның өзге өңірлеріне жөнелту жоспарда бар.