ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ӨТКЕН ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 700-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ
Арыс қаласында Жалпықалалық сенбілік өтті. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, тәртіп сақшылары, қала тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әр мекеме өзіне жүктелген аумақты қоқыстан тазалады.
Арыс қаласына кіреберіс қақпадан басталған сенбілік қаланың іргесіне дейін жалғасты. Сенбілікке 700-ден астам азамат қатысып, 10-нан аса арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен бірге ирригациялық арықтар тазаланып, Арыс-Шымкент тас жолы бойындағы талдарға сырлау жұмыстары жүргізілді.
Сенбіліктің басты мақсаты – қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту.
Бұдан бөлек, «Жасыл Арыс» КММ-нің қызметкерлері қаланы көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысуда. Қаланы жасыл желекке орауды мақсат еткен азаматтар Д.Қонаев көшесіне бозарша көшеттерін отырғызып, халықтың ыстық ықыласына бөленді.
Жалпы, Арыс қаласында сенбіліктер тұрақты түрде жалғасатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі