ТҮРКІСТАН: «АШЫҚ ӘКІМДІКТЕГІ ҚАБЫЛДАУЛАР АШЫҚ ӨТУІ ТИІС»

«Ашық әкімдік» кеңсесінде онлайн-офлайн форматта қоғамдық ашық қабылдау өткізген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев тұрғындардың өтініштерін тыңдады. Қоғамдық қабылдау облыс әкімдігінің Бірыңғай байланыс орталығының әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Тұрғындар тікелей қабылдау арқылы да, әлеуметтік желі арқылы да сұрақ қоюға мүмкіндік алды.
Түркістан облысында билік пен бұқараның арасындағы байланысты жандандырып, азаматтық қоғамды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады. Мақсат – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырып, елдің талаптары мен өтініштерін дер кезінде орындау. Алдағы уақытта әкім орынбасарлары мен басқарма басшылары да тікелей эфирде ашық форматта қабылдау өткізеді деп жоспарланып отыр.
Қоғамдық қабылдауда тұрғындар тарапынан балабақшаларды қаржыландыру, мектеп құрылысы, «Артспорт» бағдарламасы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жұмыс істеу мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды. Сонымен бірге әлеуметтік көмек, жұмысқа орналастыру, шеберхана ашу, балаларға патриоттық тәрбие беру бойынша жобаларды жүзеге асыру бойынша да ұсыныстар берілді. Жалпы онлайн және офлайн форматта 30-ға жуық сұрақ қойылып, өтініштер тыңдалды.
Бейсен Дәулетұлы тұрғындардың өтініштері хаттамаға енгізіліп, жұмыс жүргізілетінін жеткізді.
– «Ашық әкімдіктегі» қабылдаулар ашық өтуі тиіс. Тұрғындарды қабылдап, мәселелерді тікелей тыңдаудың маңызы зор. Әрбір өтінішке заң аясында көмек беріледі. Алдағы уақытта аудандарды, ауылдарды аралауды жоспарлап отырмын. Ол кезде де тұрғындармен тікелей диалог орнатып, ұсыныстарды тыңдаймын, – деген облыс әкімінің орынбасары жауапты басқарма басшылары мен орынбасарларына тиісті тапсырмалар берді.
«TURKISTAN-109» облыстық бірыңғай байланыс орталығы 2022 жылдың 18 шілдесінде өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда орталыққа 2022 жылдың 150328 қоңырау келіп түскен. Қоңырауларды жіктесек, кеңес алу бойынша – 119595 рет қоңырау қабылданса, 29305 арыз-шағым, 193 алғыс, 217 ұсыныс айтылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.