ТҮРКІСТАН: АУЫР ЖҮК ТИЕГЕН КӨЛІКТЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының ұйымдастыруымен және «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі менеджерлерінің қатысуымен «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді.
Аталған акцияның негізгі мақсаты — көктемгі мезгілде артылған жүгі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының республиканың жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында жүруіне уақытша шектеулер енгізілетініне байланысты жүк тасымалдаушыларға түсініктеме жұмыстарын жүргізу.
Түсіндіру жұмыстары барысында ауыр жүк көліктерін жүргізетін көлік жүргізушілеріне «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тарапынан «Сапалы жол — адалдық алаңы» жобасы кең көлемде түсіндіріліп, жолдың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету — айрықша маңызға ие екені жеткізілді.
Алдағы уақытта жобалық кеңсе мен инспекция тарапынан көлік саласындағы заңнама талаптарын бұзуды болдырмауға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұратын болады.