ТҮРКІСТАН: БИЫЛ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Биылғы жылы Түркістан облысында 7 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж 27,8 мың отбасыға қаржылай көмек көрсетілген.  35 877 балаға 1,1 млрд. теңге соммасында кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмекке жүгінушілердің саны 4 есеге азайған. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.

Жиында Түркістан қаласын дамыту және облыста жыл басынан бері  әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстардың барысы мен жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде іске асырылып жатқан жобалар,  сондай-ақ,  Түркістан облысында праймеризді өткізу жұмыстарының барысы туралы талқыланды.

Төтенше жағдай кезеңінде тікелей байланысты болдырмау мақсатында, атаулы әлеуметтік көмек өтінішсіз жаңа кезеңге автоматты түрде ұзартылды. Сонымен қатар,  пандемияға  байланысты ҚР Үкіметі тарапынан мұқтаж азаматтар санаттарының, оның ішінде көпбалалы отбасылар, жұмыссыздар, мүгедектер, аз қамтылған азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Яғни, азық-түлік тұрмыстық жиынтық 5 567 теңге мөлшерінде заттай немесе ақшалай түрде беру қарастырылған.

Карантин режимінің ұзартылуына байланысты, аталған санаттағы азаматтарды тамыз айында азық-түлік,  тұрмыстық жиынтықпен қамтамасыз ету мақсатында, республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлінген.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмекті алушы 9944 адам жұмыспен қамту шараларына тартылған. Олардың тең жартысынан астамы тұрақты жұмысқа орналастырылған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.