ТҮРКІСТАН: БИЫЛ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕСІНДЕ 4000-НАН АСТАМ АРЫЗ ҚАРАЛДЫ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Оспан Әжібеков айтты.

Оның сөзінше, заң бұзушылықтардың алдын алу іс-шарасы аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы бақылау (камералдық бақылау) ерекше басымдыққа ие. Осы ретте Департаментпен камералдық бақылау шеңберінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жеке және заңды тұлғалардың 4 104 арыз-өтініштері қаралған. Оның ішінде 605-і толық қанағаттандырылып, 1 609-ы ішінара қанағаттандырылған. Ал 1 890 арыз өз дәлелін таппаған.

– Жалпы анықталған бұзушылықтарды жою туралы 3 775 хабарлама жолданды. Атап айтсақ, хабарламалардың басым бөлігі конкурстық құжаттамада өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін артық талаптарды қойғандары үшін жолданған. Оның ішінде негізсіз түзілген қосымша келісім-шарттардың алдын алу бойынша 146 хабарлама, негізсіз бір көзден алу тәсілімен түзілуге жататын келісім-шарт бойынша 1 126 хабарлама жолданды, — деді Оспан Әжібеков.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында 2022-2023 жылдары жалпы 50 іс-шара аясында техникалық оқу жүргізілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялық қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.