ТҮРКІСТАН: БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ИГЕРІЛУІ ҚОҒАМ БАҚЫЛАУЫНДА

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен өңірлерде «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» Жобасы іске қосылды.

Жобаның мақсаты — мемлекеттік және жергілікті бюджеттің атқарылуы мен тиімді жұмсалуы жөніндегі ақпаратқа қолжетімділіктің төмендігін, олар бойынша ұсыныстар мен арыз-шағым беру кезінде бюрократиялық кедергілердің алдын алып, бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету.

Аталған жобаның басты ерекшелігі — ашық ақпаратты, мобильділікті және тұрақты түрде бақылау жасау мүмкіндігінің болуы.

Карта нақты уақыт режимінде әлеуметтік нысандарды салу, жөндеу және күтуге бөлінген бюджет қаражаты туралы толық мәліметті көрсетеді.

Карта мердігерлер, бөлінген қаржы, құрылыстың мерзімі, кепілді міндеттемелер, құрылыстың егжей-тегжейін, асфальт төсемінің қалыңдығы туралы да ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кез келген тұрғын осы процесстерді тәулік бойы бақылап, оларды құжаттамамен тексеріп, сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, тиісті фотолар мен бейнематериалдарды тіркей отырып, мемлекеттік органға хабарлай алады.

Егер жолдарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса, немесе жол қанағаттанарлықсыз жағдайда және жөндеу жұмыстары ұзақ уақыт жүргізілмесе, азаматтар интерактивті карта сайтына кіріп (www.publicbudget.kz), қала картасынан нысанды тауып, тиісті пікір қалдыру қажет.

Картада жолдарды жөндеу және салу жөніндегі деректер ғана емес, мектептер, емханалар сияқты барлық әлеуметтік нысандарға бөлінген бюджеттік қаражат жөнінде толық мәліметтер көрсетілген.

Бұл мектептерде іріктеуге қатысты сауалдар, емханада медициналық қызмет көрсетудің сапасы, көшелерге салынған жол сапасы және құрылыс нысандарының сапасы немесе мемлекеттік органға шағым болуы мүмкін.

Түскен арыз шағымдар бойынша тиісті мемлекеттік орган жауап береді, ал егер арыз-шағымдардың ішінде сыбайластық элементтері болған жағдайда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен назарға алынып, Заң аясында жұмыстар жүргізіледі.

Осылайша, азаматтардың облыста орналасқан әрбір мекемеге бөлінген қаражаттың игерілуіне қатысты толық ақпаратқа қол жеткізуге жағдай жасалған.

 

Айта кетейік, бүгінде аталған Картаға Түркістан облысындағы 1352 мекеменің барлығы толықтай өз бюджеттерін жариялады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.