ТҮРКІСТАН: COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 74-КЕ ЖЕТТІ

23 сәуірдегі мәліметке сәйкес, Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны тағы да 7 азаматпен толығып, облыста жалпы 74 науқас тіркелді.

Атап айтқанда, Созақ ауданы, Таукент ауылының 1980 ж. тұрғынынан коронавирус инфекциясы расталды. Ол Ресей Федерациясынан 15 сәуірде Қарағанды қаласына келіп, ары қарай Алматы қаласына барған. 21 сәуір күні Алматыдан Созақ ауданына келген.

Сондай-ақ, Созақ ауданы, Созақ ауылының 1992 ж. тұрғыны мен осы ауданның Құмкент ауылының 2020 ж. туған сәбидің COVID-19  індетіне шалдыққаны белгілі болды.

Бұдан бөлек, Түркістан қаласының 1983 ж., 1990 ж., 1992 ж. 1997 ж. тұрғындарынан да вирус анықталды.

Аталған азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен жақын байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған).

Арыс ауданында —  17, Кентауда — 6, Мақтаралда — 4, Ордабасы — 4,  Сайрамда — 3,  Сарыағаш ауданында — 5,  Түркістан қаласы — 6, Созақ ауданы – 5, Бәйдібек ауданы мен Қазығұрт ауданында 2 науқастан   анықталды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.