ТҮРКІСТАН: ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРЫСТАҒЫ БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ БҮЛДІРШІНДЕРІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күллі әлем жұртын әбігерге салған коронавирус індетіне байланысты елімізде төтенше жағдай жариялап, сақтық шараларын күшейтуді тапсырғаны белгілі.
Осыған орай, бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері Арыс қаласындағы «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» бүлдіршендерін жұқпалы індеттен қорғайтын арнайы мединалық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етті.
Жалпы саны 63 жас өскінді өз қамқорлығына алған Департамент қызметкерлері көп қолдануға жарамды 320 дана бетперде мен 50 литр антисептикалық сұйықтықтықты табыстап, балалар ауылының бүлдіршіндеріне сақтану шараларын қатаң ұстану қажеттігін түсіндірді.
Қызылтаяң шақта үрей мен үміттің бел ортасында жүрген жасөспірімдерге қоғам болып қолдау көрсетуді көздеген Департамент ұжымының бұл игі бастамасы сәуір айында да өз жалғасын табатын болады.