ТҮРКІСТАН: ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҚАБЫЛДАНУЫ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАНУЫ — БАСТЫ НАЗАРДА
Түркістан облысының дәрілік қоймасы Корея елінен және «Шеврон Мунайгаз Инк» компаниясынан келген гуманитарлық көмекпен толықты.
Атап айтсақ, киелі өңірге Корея елінен 1200 дана респираторлық бетперделер мен «Шеврон Мунайгаз Инк» компаниясынан 200 дана «Dabigatran еtexilate»(дабигатрана) мен 3500 дана «Аpixaban» (Апиксабан) дәрілік препараттары жеткізіліп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы боынша Департаменті қызметкерлерінің зерделеуімен қорғаныс және дәрілік заттарға «Тегін» деп көрсетілген арнайы мөртаңба орналастырылды.
Алдағы уақытта бүгін жеткізілген гуманитарлық көмектің мемлекеттік емдеу мекемелеріне толыққанды жеткізілу және тасымалдану барысына жергілікті «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері бақылау жұмыстарын жүргізетін болады.