ТҮРКІСТАН: ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТАСЫМАЛДАУ БАРЫСЫНА БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін Түркістан облысына «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорынан Авифавир (үбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 200 мг. №40) 176 данасы гуманитарлық көмек ретінде келді.
Мониторинг жұмыстарына «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері Д. Ғаниұлы, Д. Хұсаин қатысты.
Айта кетсек, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорынан келген гуманитарлық көмек алдағы уақытта облысқа қарасты барлық қала/аудандарда орналасқан мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеткізіліп, қажеттілігіне сәйкес ауруханалар мен емханаларға үлестіріледі.