ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Қазығұрт ауданының орталық Мәдениет сарайында 25 қазан – Республика күніне арналған «Жасай бер, Қазақ елі!» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті.

Мерекелік шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесі мүшелері, аудан тұрғындары мен қонақтары қатысты. Салтанатты шарада сөз сөйлеген аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы тұрғындарды мерейлі мерекемен құттықтап, әр түрлі салада жемісті қызмет етіп жүрген еңбек адамдарын марапаттады. Сондай-ақ, мерейлі мереке қарсаңында өткізілген футболдан аудан біріншілігі жеңімпаздарына сертификаттар тапсырды.

— Бұл мерекені атап өтудегі басты мақсатымыз — халқымыздың бірлігін нығайту, төл тарихымызды жетік меңгеру, соның ішінде Қазақстанның мемлекет болу жолында жасаған батыл қадамдарын кеңінен насихаттау, Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктерін көрсету. Қазақстанның азаттығын бекіткен бұл күн алдағы уақытта да халықтың бірлігін, татулығын нығайтуға үздіксіз қызмет етері күмәнсіз, — деді аудан әкімі Азизхан Исмаилов.

Салтанатты іс-шара барысында қолөнер және кітап көрмелері ұйымдастырылып, әсем ән мен сахналық қойылымдар көрсетілді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.