ТҮРКІСТАН: «КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ САРАЛАНДЫ
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы қоғамдық көліктердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігін анықтау үшін мониторинг жұмыстары басталды. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын жүзеге асыру бойынша желілік кестеге сәйкес қолға алынған бұл іс-шара 31 қаңтарға дейін жалғасады.
Арнайы жұмысшы топты «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев бастап жүрді. Топ құрамында партия қызметкерлерімен қатар «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мұқан Қорғанбаев, «Шапағат» қайырымдылық қорының президенті Еркінбай Шалтан болды. Сонымен бірге «Жолаушы» ЖШС-нің директоры Медетбек Жұмагелдіұлы мен Түркістан қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы Ұлан Жамбылұлы да қоғамдық көліктердің жұмысын бақылады.
Бүгінде Түркістан қаласында жолаушыларды тасымалдайтын жалпы 270 маршруттық бағытта қоғамдық көліктер бар. Тұрғындарға 145-і шағын және 125 үлкен автобус күнделікті қызмет етеді. 2019 жылы 26 автобус жаңартылған. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қоғамдық көліктердің қолжетімділігіне зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Мониторинг барысында қоғамдық көліктерде мүмкіндігі азаматтар үшін қолайлы жағдай жасалмағаны анықталып, жауапты азаматарға тиісті ұсыныстар берілді.
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты Жолдауларында айтылған тапсырмаларын және «Nur Otan» партиясының Саяси Доктринасының тармақтарын орындау мақсатында әзірленген.