ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҮШІНШІ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Келес ауданы Біртілек ауылында Қадировтар отбасында үшемдер туылды. Бұған дейін екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған үшемдердің анасы Этибор Қадирова 1992 жылы туған. Али, Усман, Умар есімді үшемді анасы облыстық №1 перинаталды орталықта босанған. Шақалақтар 1700, 1700 және 1800 грамм салмақпен дүниеге келді. Отағасы Қадиров Азамат ауылдағы отбасылық 1,5 га жерге егін егіп, шаруашылықпен айналысады.
Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев үшемдердің жағдайымен арнайы танысуға барып, сыйлық табыстады. Бұл жайт, Келес ауданы құрылғалы дүние есігін ашқан — үшінші үшем. Аудан әкімі үшемдерге медициналық көмектің уақытылы көрсетілуін қадағалауды ауыл әкіміне тапсырып, әлеуметтік жағдайы бойынша мәселелер туындаса көмек көрсетілетінін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.