ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ 25 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

Келес ауданында жаппай көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Түркістан облыстық Табиғи ресуртар және табиғатты пайдалану реттеу басқармасы тарапынан Келес ауданына 25 мыңға жуық ағаш көшеттері жеткізілу көзделген. Бүгінгі таңда 10 мыңнан аса ағаш көшетері отырғызылды. Көгалдандыру науқанына аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев қатысып, ағаш екті.
Көктемгі ағаш отырғызу жұмыстары барысында аудан аумағынан өтетін республикалық А-15 трассасы бойына, саябақтар және білім беру ұйымдары ғимараттары жанына жергілікті климатқа бейім ағаштың 15 түрі отырғызылды.
Айта кетейік, көше бойына егілген шыбықтарды суаруға су сақтау қондырғылары қойылады. Аудан аумағында жасыл желектерді күту, ағаштарды кесу, суару, минералды тыңайтқыштар енгізу, арам шөптерді жинау, қалдықтарды тиеу, тасымалдау және ағаштардың түбін әктеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.