ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА БЕТОН ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы Кентау қаласында бетон өндіретін «Фахри СтройБетон» ЖШС-і іске қосылып, жұмысын бастады. Жаңа зауыт м150-м450 маркалы  бетондарды өндіреді. Өндіріс орны қазіргі таңда 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт  сағатына  3 текше метрлік 120 дана бетон өңдеуге қауқарлы. Бүгінгі таңда шығарылған бетондардың барлығы дерлік Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларға жіберілуде. Кәсіпорында 15 HOWО камазы, 1 жүк машинасы, 1 автобетон-насос көлігі бар. Зауыттағы бетон жасап шығаратын құрылғылардың барлығы Түркия елінен әкелінген. Серістестік басшылығы болашақта зауыт аймағын ұлғайтып, өнім көлемін көбейтуді мақсат етіп отыр.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.