ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА КІРПІШ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Биыл Түркістан облысы, Кентау қаласында кірпіш зауыты іске қосылады. Өндіріс ошағы қаладағы еркін экономикалық аймағында бой көтермек. «Almaty NS Group» ЖШС осы маңызды жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Зауыт айына 3 млн. дана керамикалық кірпіш шығаратын болады. Кәсіпорынды салып, қажетті қондырғылармен қамтуға 1 млрд. 720 млн. теңге инвестиция құйылмақ. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін жылына 30 млн. дана кірпіш шығару көзделіп отыр. Кәсіпорынның құрылысы 2021 жылы басталған. Бүгінде құрылысқа қажет материалдар жеткізіліп, болашақ өндіріске керек пеш пен қондырғыларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Нысан биыл күзге қарай іске қосылып, кірпіштің алғашқы легі шығарылады. Жалпы зауыттың жылдық қуаттылығы – 30 миллион дана. Мамандардың айтуынша, алдағы бірнеше жылда кірпіш өндірісі жылына 4-5 пайызға өспек. Кентаудағы зауытта 50 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.