ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА КҮНІНЕ ЖАРТЫ ТОННА ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ҚОЖАЛЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Түркістан облысы Кентау қаласы Иассы ауылындағы «Сүлеймен ата» шаруақожалық күніне 500 келі құс етін сатылымға шығарып келеді. Тұтынушылардың ерекше сұранысына ие ет өндіретін мекеме өз жұмысын 2017 жылы мемлекеттік бағдарламаның көмегімен бастаған. Бүгінде цехта 8 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда цехта 17 мың құс бағылып жатыр.
«Құс етіне деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан да жұмсалған қаржыны аз уақыт ішінде қайтарып алуға болатын тиімді кәсіп деп айта аламын», – дейді шаруақожалықтың өкілі Ғалымжан Абдураймов.
Әзірге қожалық өндіріп отырған өнім Түркістан және Кентау қалаларының сауда орындарынан артылып отырған жоқ. Кәсіпкер алдағы уақытта мекеменің ауқымын кеңейтіп өзге де өңірлерге еттен бөлек жұмыртқа сатуды жоспарлап отыр. Соған байланысты құс етін сақтауға арналған 40 тонналық тоңазытқыш жасақтап қойған.