ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДЫҢ «КӨКТӨБЕСІНЕ» ТУ ОРНАТЫЛДЫ

Кентау қаласында «Рәміздер алаңының» құрылысы жүріп жатыр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту ретінде қолға алынған игі іс келер жылдың наурыз айында аяқталады. 25 метрді құрайтын Ту Кентаудың «Көктөбесіне» орнатылды. Рәміздер алаңы қала әкімі Даурен Махажановтың бастамасымен жергілікті тұрғындар «Көктөбе» деп атап кеткен жерге орналастырылды.
«Бұл аймақты жергілікті тұрғындар мен қонақтар келіп тамашалайтын мекенге айналдырамыз деген жоспар бар. Кәсіпкерлік нысанда аукцион арқылы жер беріледі. Мейрамхана, қонақ үй секілді халыққа қызмет ететін нысандар бой көтереді деп күтілуде. Кентау қаласын төбеден көріп, тамашалауға өте қолайлы жер», дейді қала әкімінің орынбасары Қ.Искаков.
Аукцион арқылы түскен қаржыға «Рәміздер алаңының» маңайына жарықшамдар мен орындықтар қойылып, көлік қоятын бекеттер әзірленіп, абаттандырылмақ. Кез келген жанға Кентауды төбесінен көріп, биіктікте отырып сергіп алуға қолайлы жағдайлар жасалмақ.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.