ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АШЫЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында ел аумағында мемлекеттік органдардың жұмысы «Open space» форматына көшіріліп, бүгінгі күні тұрғындардың кедергісіз қызмет алуына айрықша басымдық беріліп келеді.

Осы ретте, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Қарғабай Мирас Асқарбайұлы мен Сарыағаш ауданы әкімі Мұхит Отаршиевтің қатысуымен Сарыағаш ауданында «Халықтық кеңсе» ашылып, киелі өңір кезекті сервистік әкімдікпен толықты.

Аудан тұрғындарына қолжетімді, ашық және жедел қызмет көрсететін ашық кеңістіктегі жаңа нысанда 7 дербес бөлімдер, атап айтсақ білім, жер қатынастары, ауылшаруашылық, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және экономика және қаржы, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 90 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліп, азаматтардың кедергісіз қызмет алуларына мүмкіндік беріліп отыр.

Сондай-ақ, мұнда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуға, жәрдемақы тағайындауға өтініш, үй кезегіне тіркелу, жер, үй құжаттарын заңдастыру және халыққа қызмет көрсету орталығына брон жасауға жәрдем беретін барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған.

Айта кетсек, бүгін ауданның игілігіне берілген сервистік әкімдік алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландырып қана қоймай, атқарушы билік өкілдерінің жергілікті тұрғындармен ашықтық қағидатына негізделе отырып жұмыс жасауына ықпал етпек.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.