ТҮРКІСТАН: КОНКУРС ТӘРТІБІН БҰЗҒАН 15 ТҰЛҒАҒА ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

3 ТАҚЫРЫПТА БРИФИНГ  ӨТТІ

94 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев брифинг өткізді.
Агенттікпен бекітілген стратегиялық жоспарға сәйкес, өңірлерде кадрлардың таза ауысымдылығы 7,4%-дан аспауы қажет болса, Түркістан облысында 2019 жылдың 1-тоқсанында бұл көрсеткіш – 0,9% құраған немесе 70 қызметші өз еркімен жұмыстан кеткені туралы Ғалым Сұлтанұлы брифингте мәлімдеді.
Сонымен қатар, есептік кезеңде ҚР заңнамаларын білу деңгейін анықтауға арналған тестілеу рәсіміне барлығы – 491 адам қатысып, оның 149 немесе 30,3% оң нәтиже алғаны айтылды.
Ғалым Сұлтанұлы, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға 584 конкурс жарияланғанын, оның ішінде жалпы конкурс бойынша лауазымдарға тағайындалған 178 үміткердің 71-і мемлекеттік қызмет жүйесіне алғаш рет қабылданғанын және ішкі конкурстар нәтижесінде 94 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымдарға тағайындалғанын және аймақта мансаптық өсу көрсеткіші 60,6 % құрағанын атап өтті.

 КОНКУРС ТӘРТІБІН БҰЗҒАН 15 ТҰЛҒАҒА ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Бұл жөнінде БАҚ-өкілдеріне брифинг берген Департамент басшысы Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы кеңінен тоқталып өтті.
2019 жылдың І-тоқсанында Түркістан облысында Әдеп жөніндегі кеңестің 2 отырысы өткізіліп, кеңес отырысында 36 мәселе қаралғанын, соның ішінде: 13 – профилактикалық мәселелер (36%), 23 – тәртіптік іс (64%), яғни, Әдеп кодексін бұзғандар — 22, ал мемлекеттік қызметке кір келтірген — 1.
Кеңес шешімі негізінде, 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, (Әдеп кодексімен – 10, мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықпен – 1). Оның ішінде: ескерту – 4, сөгіс – 6, қатаң сөгіс – 1.
Жасалған теріс қылықтың мерзімдері өтуіне байланысты 12 – тәртіптік іс тоқтатылғанын айтты.
Бұған қоса, 1 — тоқсанда 15 тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, нәтижесімен 284 053 теңге айыппұл салынған.
Әкімшілік істердің барлығы конкурстық іріктеу рәсімін бұзу бойыша орын алған және конкурстық іріктеу рәсімін бұзған мемлекеттік қызметшілердің әрқайсысына 18937,5 теңгеден айыппұл салынғанын атап өтті.
Агенттік бастамасымен Департаментте Әдеп кеңесі мүшелерімен Департамент ғимаратында, Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарында өткізілген жеке қабылдауларда азаматтардың мемлекеттік қызметпен байланысты пікірлері тыңдалып, оларға түсіндірмелер берілген, бұл іс-шара жыл соңына дейін облысымыздың барлық қала, аудандарында жалғасын табады деп айтып өтті Департамент басшысы.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН СЫРТҚЫ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН 33 ҰСЫНЫМ ЕНГІЗІЛГЕН

2019 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.С.Тұрсынбаев БАҚ өкілдеріне брифинг берді.
Брифинг барысында Ғ.Тұрсынбаев ағымдағы жылғы 1-тоқсанда жүргізілген сыртқы талдау жұмыстарына жан — жақты тоқталып өтті.
Есептік мерзім ішінде 2 мемлекеттік мекеменің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде.
Сыртқы талдау Түркістан облысының білім басқармасы мен Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде жүрзілді. Талдау қорытындысымен аталған мекемелерге 33 ұсыным енгізілген.
Брифинг соңында Ғ.Сұлтанұлы 2019 жылы да бұл жұмыстар жалғасын табатынын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін сыртқы талдау жұмыстарына БАҚ өкілдерін қатысуға шақырды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.