ТҮРКІСТАН: КОРОНАВИРУСТЫҢ 26 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Түркістан облысында 906451 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған. Соңғы тәулікте 1120 адам екпе қабылдаған. Облыста екінші компонентпен (ревакцинация) 772258
адам вакцина салдырды.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 26 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,18% құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 1 043 441 жуық ПТР-сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 3119 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1969 орын бар, олардың 1587-і бос.
Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 14 414 жағдай тіркелді. Олардың 7427-да ауру симптомсыз өткен болатын.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.