ТҮРКІСТАН: ҚЫРҒЫЗСТАНДЫҚ СУРЕТШІЛЕРДІҢ «ӘЛЕМГЕ ЖОЛ АУЫЛДАН БАСТАЛАДЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Бүгін облыстық Бейнелеу өнері музейінде «Әлемге жол ауылдан басталады» атты  Қырғызстан Республикасы Талас облысы суретшілерінің топтық шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында Түркістан облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық Суретшілер Одағы, облыстық Бейнелеу өнері музейі ұйымдастырған көрмеге 7 кәсіби суретшінің  103 кескіндемелік шығармашылық туындылары және мүсіндері қойылды.
Шараға Қырғызстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Қырғызстан Суретшілер Одағы мен Түркістан облысы әкімдігінің қолдау білдірді.
Көрмеге Қырғызстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі,  Қырғызстан Республикасының Халық суретшісі,  Көркемсурет Академиясының корреспондент мүшесі Төребеков Сүйтбек Сатымбекұлынвң «Қырғыз мадоннасы», «Ұлы далада», «Оңтүстік жағалау», «Ыстық көл кеші», «Толғаныс»(триптих), «Суретші Жақыповтың портреті»,  Қырғызстан Республикасының Халық суретшісі, Қырғызстан Республикасы Көркемсурет Академиясының академигі Оразметов Қадірқұлдың «Көкшетау-Оқжетпес», «Бішкек-Қарабалта тас жолы», «Ана», «Қысқы демалыс»,  Қырғызстан Республикасы «Құрмет» орденінің иегері Османалиев Сапарбай Талипұлының «Қасымбек атаның портреті», «Таластағы Ақ-тас», «Сусамыр таңы», «Нылды-Ата», «Стамбулдағы порт»,  Ғ.Айтиев атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Қазақбаев Жолдошбек Сейітқазыұлының «Манас-Шыңғыс шоқылары», «Ыстықкөл жағасында», «Ыдырыс пайғамбардың күмбезі», «Талас өңірі», «Нылды Атадағы тоғай», Қырғызстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қырғызстан Республикасы мәдениетінің «Мықты қызметкері» Анарбеков Шекербектің «В.В Верещагин және Байтек батыр», «С.Чокморов», «Нылды Ата таулары», «Ыстық көлде», «Манас шыңы»,  Қырғызстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Арыков Бообектің «Сусамыр», «Номад батыры», «Кенкөл тауы», «Қаған», «Гүлсары апокалипсисі», «Шыңғыс шоқысы», Қырғызстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Орманбеков Шыңғыстың «Ежелгі құмыралар», «Шығыс натюрморты», «Піскен анарлар», «Сирень», «Күздік натюрморт» сынды шығармалар қойылды.
Көрменің мақсаты — елімізде тұратын ұлттармен ғана емес, басқа мемлекеттермен де тығыз байланыс орнатып, олардың өнерін бағалай отырып, мәдениетаралық ынтымақтастықты нығайту, оңтүстік жұртшылығын қырғыз суретшілерінің өнерімен таныстыру.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.