ТҮРКІСТАН: «ҚЫС-2020» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында «Қыс-2020» оқу-жаттығу жиыны өтті. Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу төтенше жағдайда тұрғындарды және материалдық құндылықтарды құтқаруға бағытталған. Осы мақсатта азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы маусымда авариялық және төтенше жағдайларға дайындығы пысықталып, техникалардың жарамдылығы тексерістен өткізілді.
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері бірлесіп атқарған іс-шарада қала аумағын табиғи және техногендік сипаттағы зауалдан сақтау тұрғысындағы шұғыл әрекет ету ісі жан-жақты талқыланды. «Түркістан-Су», «Жылу», «ҚазТрансГаз», «Оңтүстік Жарық Транзит», «Қазақтелеком» және медицина, полиция мен өзге де сала өкілдерінің апаттық қалпына келтіру топтары өздеріне байланысты мәселелермен таныстырды. Жалпы оқу-жаттығуға қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің 12 командасы, 100 жеке құрамы және 45 техникасымен қатысты.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.