ТҮРКІСТАН: ЛЕҢГІР ҚАЛАСЫНДА ТӨЛЕБИ БАБА СТЕЛЛАСЫ АШЫЛДЫ
Төлеби ауданының 90 жылдығына және Леңгір қаласы күніне орай Төлеби баба стелласы салтанатты түрде ашылып, ел игілігіне берілді.
«Сүйікті қалам Леңгірім» атты мерекелік іс-шараға аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, ардагерлер, қала тұрғындары қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев сөз сөйлеп, қала халқын мерекемен, көрнекі нысанның ашылуымен құттықтады.
Экспозициялық кешенде Төлеби бабаның сурет бейнеленіп, нақыл сөздері жазылған. Стелланың ұзындығы — 18,5 метр, биіктігі — 4,5 метр.
Мерейлі мерекеде аудандық мәдениет үйінің әншісі Милана Юлдашева «Менің Леңгірім» әнін әуелетсе, аудандық әжелер кеңесінің мүшелері, ақ кимешек киінген әжелерден құралған «Данагүл ана» ансамблі әсем әндерін қала күніне арнады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі