ТҮРКІСТАН: МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШЕДІ

Түркістан облысында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі қызметтеріне сұраныстың көбейгендігін ескере отырып, оның кеңсесін жаңа автовокзалдың ғимаратына көшіру жұмысы жүріп жатыр. Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан бұл бағытта уағдаластық бар. Басты мақсат – автокөлік саласы бойынша мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және халыққа қолайлы жағдай жасау. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған бөлім орналасатын нысанға арнайы барып, жай-күйімен танысты. Жауаптыларға Түркістан жұртшылығы үшін сапалы қызмет көрсетілуі тиіс екенін жеткізді.
Бұл орталықта сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ автокөліктерді тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру қызметтері көрсетіледі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі тарапынан 70 674 қызмет көрсетілген. Атап айтсақ, жүргізуші куәлігін беру – 22346, техникалық құралды тіркеу және қайта тіркеу – 47 845, өзге де қызметтер – 483. Бөлімде жалпы штат бойынша 33 маман жұмыс істейді. Бір күнде 500 қызмет көрсетіліп, 1000-ға жуық адам мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөліміне жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі талапқа сай көрсетілуі тұрақты бақылауға алынған. Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жеңісбек тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан да заңдылықтың сақталуы қадағаланады.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.