ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА АЙМАҚТЫҚ ПІКІР-САЙЫС ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Парасаттылық және заңның үстемділігі – табысты ұлттың кепілі» тақырыбында аймақтық пікір-сайысөтті. Бұл шараға облыстың мемлекеттік қызметшілері мен Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің белсенді студенттері қатысты. Пікір-сайыстың мақсаты – қазіргі және болашақ мемлекеттік қызмет кадрларына тиімді қызмет ету үшін талдау және сын тұрғысынан ойлау, өз ұстанымдарын дәлелдей білу, байланысқа бейімділік, креативтілік, сондай-ақ күтпеген жағдайларда жедел әрекет ету секілді маңызды, икемді дағдыларды иеленуіне ықпал ету. Шараға қатысушы 4 топ екі тілде өзара пікір алмасып, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды. Мұндай пікір-сайыстарға қатысу мемлекеттік қызметшілерге тиімді қызмет ету үшін талдау және сын тұрғысынан ойлау, өз ұстанымдарын дәлелдей білу, байланысқа бейімділік, креативтілік, сондай-ақ күтпеген жағдайларда жедел әрекет ету секілді маңызды, икемді дағдыларды сапалы шеберлеуге мүмкіндік береді. Аймақтық пікір-сайыс заңның үстемділігі мен адамгершілік құндылықтар аясында өрбіп, өткір тілді қатысушылардан орамды ойлар айтылды. Сайыс соңында жеңімпаз деп танылған топ мүшелері тиісінше марапатталып, республикалық деңгейдегі ойындарға қатысуға жолдама алды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.