ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясы өтті. Жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Нұржан Әшіров, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, маслихат депутаттары мен басқарма басшылары қатысты.

Алтыншы шақырылымдағы мәслихат жиынында ОҚО мәслихатының «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, ОҚО мәслихатының «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу, ОҚО мәслихатының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне толықтыру енгізу, Түркістан облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар теміржол қатынастарының тізбесін бекіту, облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшелерін лауазымынан босату және тағайындау туралы мәселелер қаралды.

Сессияда қаралған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.