ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облысының тұрғындарын жеке қабылдау кестеге сәйкес жүргізілуде. Бұл жолы азаматтарды Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов өзі жетекшілік ететін салалар: кадр мәселесі, дін істері, цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер, дене шынықтыру және спорт басқармаларына қатысты мәселелер бойынша жеке қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар сан түрлі мәселелерді көтерді. Мәселен, сайрамдық тұрғын «Түркістан облысының құрметті азаматы» мәртебесін беруді сұраса, Сауран ауданының азаматы Шаға ауылындағы №1 балалар спорт мектебін аудан орталығы Шорнақ ауылына ауыстыруды ұсынды. Түркістандық азаматша қызметкердің әдеп нормаларын сақтамағанын айтса, бірі сот шешіміне наразылығын білдіріп, Қазақстан Республикасының шекарасынан шығуға ықпал етуді сұрады. Онлайн байланыс арқылы жеке қабылдауға қатысқан Маңғыстау облысының азаматы Түркістан облысы прокуратурасының қызметкерінің іс-әрекетіне шағымданды. Одан бөлек, сайлауда орын алған заңсыздықтар, қызметкерлердің заңсыз іс-әрекеті туралы мәселе қозғалды.

Өңір тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Еркеғали Әлімқұлов жауапты тұлғаларға жеке қабылдауда көтерілген мәселелерді заң аясында шешуге тапсырма берді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.