ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АШЫҚТЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН OPEN SPACE ҮЛГІСІНДЕГІ 1 КЕҢСЕ ЖӘНЕ 5 ФРОНТ ОФИСПЕН ТОЛЫҚТЫ

Халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің сапасын арттыру — заман талабы және мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.

Осыған орай, Түркістан облысына қарасты барлық қала/аудандарының әкімшілік ғимараттары, полиция бөлімшелері және сот ғимараттары ашық форматта жұмыс істеуге көшіп, бүгінгі күні өңір жұртшылығына қолжетімді қызмет көрсетуден көш бастап келеді.

Бүгінде облысқа қарасты Отырар ауданындағы әкімшіліктің ғимараты «Open Space» үлгісіне көшсе, Түлкібас , Шардара, Жетісай, Келес, Төлеби ауданындағы полиция басқармаларымен аудандық сот ғимараттары фронт офис үлгісінде өз жұмысын бастап кетті.

Бұл жаңа ашық кеңістік үлгісіндегі қабылдау бөлмелерінің бірінші қабатта орналасқандығы жергілікті тұрғындардың әкімдер мен және жауапты қызметкерлермен ашық түрде еркін байланыс орнатуына және алаңдатқан түйткілді мәселелерінің жедел шешілуіне тың мүмкіндік беріп отыр.

Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы 140 мекеме жұмысы ашықтық пен жариялылыққа бағытталған үлгіде жұмыс жасауда.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.