ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА САҚТЫҚ ҮШІН БЛОК-ПОСТТАР ҚОЙЫЛАДЫ

Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының карантин аумағына енгізілуіне байланысты сақтық мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне блок-посттар қойылатын болады. Онда келушілер арнайы тексерістен өткеннен кейін ғана облыс аумағына енгізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі таңда облыс бойынша 380 мың текше метрге жуық жер дезинфекцияланған.
«Өңірде дезинфекцияланған 137 мыңнан астам шаршы метр аумақ – мектепте дейінгі білім беру нысандарында жүрсе, 14 мың шаршы метр – қоғамдық тамақтанатын жерлер. 16 743 шаршы метр аумақ – тамақ өнеркәсіптеріне, 18 908 шаршы метр – сауда орындарына тиесілі. Барлық залалсыздандыру жұмыстары мекемелер мен дезинфекциялық орталық келісімдерімен жүруде», — деді Нұрбек Садықбекұлы.
Департамент мамандары барлық сақтық шараларын қолға алып, коронавирус дертін жұқтырған азаматтардың облыс аумағына енбеуін қадағалап отыр.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.