Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар орталығында баспасөз мәслихаты өтті
Түркістан облысы Жетісай ауданындағы зорлық зомбылық көрген 3 апалы-сіңлілердің өгей анасына қатысты Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар орталығында шұғыл баспасөз мәслихаты өтті. Мәслихатқа Түркістан облысы Полиция департаментінің, білім және денсаулық сақтау басқармаларының, сондай-ақ, балалар және жастар ісі жөніндегі басқарманың өкілдері және БАҚ қатысты. Жедел өткізілген баспасөз мәслихатының негізгі себебі, 2019 жылы 11 сәуірде Жетісай АПБ-не тіркелген іс бойынша нақты мәліметтер беру. Онда 3 жасөспірімнің өгей анасынан көрген қорлық, қатыгездік әрекеттері туралы әлеуметтік желіге жарияланып, қоғамның қызу талқысына түсуіне байланысты БАҚ-на түсіндірме берілді. Осыған сәйкес, аталған Жетісай АПБ-не ҚР ҚК-нің 140-бабымен СДТТБТ-не тіркеліп, қазіргі уақытта, бұл іс бойынша ТО ПД тікелей бақылауға алып, нақты шаралар қолдануда.