ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУУ МЕН ТАБИҒИ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ

Түркістан облысы өткен жылдың қорытындысымен республика көлемінде туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша 1 орынды иемденді. Былтыр өңірде 55 845 бала туған. Бұл туралы Түркістан облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді
«2020 жылдың 1 қаңтардағы есеп бойынша Түркістан облысы халқының саны — 2 018 116 адамды құрады, соның ішінде қалалық жерде — 405 539 адам, ауылдық жерде — 1 612 577 адам тұрады. 2019 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 36 369 адамға немесе 1,8%-ға өскен. Өңірде ұл балалардың көп туылу тенденциясы әлі де сақталуда. Орта есеппен 1 000 қыз балаға 1 069 ұл бала туылды», — деді Айдар Ахметбекұлы.
Сонымен қатар, былтыр көші-қонмен облысқа келген халықтың саны — 55 385 адамды құраған. Ал облыстан кеткендердің саны — 66 665 адам.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.